Алматыда әйелге шабуыл жасаған қарақшы ұсталды

Алматыда әйелге шабуыл жасаған қарақшы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 22:22 Сурет: polisia.kz
Алматыyың Медеу ауданында полиция қызметкерлері әйелге шабуыл жасаған қарақшыны жедел анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыс көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде болған. Белгілі болғандай, ер адам тәуліктік жалға пәтер алу сылтауымен риэлтормен кездескен. Екеуі оңаша қалған сәтті пайдаланып, күдікті әйелді қорқытып, күш қолданамын деп сес көрсеткен.

Ол жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алып, кейін жолдан өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, оқиға орнынан ізін суытқан.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тез арада анықталып, құрықталды. Қазір ол уақытша қамауда отыр", - деді Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің басшысы Елдос Бақбергенов.

Тергеу мүддесіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Сонымен қатар ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлімінің 1-тармағына және ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін кез келген азамат кінәсіз деп танылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: