Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада мас әйел полиция қызметкеріне шабуыл жасады

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 23:36 Сурет: Zakon.kz
Астана тұрғыны мас күйде полиция қызметкеріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 1 қазанға қараған түні қаладағы кафелердің бірінде болған. Қоғамдық тәртіпті бұзу туралы дабыл қоңырауы полиция күштерін жедел басқару орталығына түсті. Аталған жайт бойынша сол ауданға қарасты  кезекші учаскелік полиция инспекторы ЖБО офицері оқиға орнына жіберілді.

Кафе ішінен полиция қызметкері екі мас әйелді анықтаған. Олар кафе қонақтарымен, сондай-ақ сол жердегі қызметкерлермен сөзге келіп қалған. Полицейдің тәртіпсіздікті тоқтату туралы барлық ескертуіне құлақ аспай, кафені босатудан бас тартқан.

Салдарынан тәртіп сақшысының біреуі дене жарақатын алды. Мас күйде болған екі әйелге медициналық сараптама жүргізу үшін, қоғамдық тәртіпті бұзушылардың екеуі де полиция көлігіне отырғызылды. Олардың бірі көлікте "102" арнасына қоңырау шалып, полиция қызметкерлері оны кафеден негізсіз алып кеткенін хабарлаған. Бұл өтініш тіркелді және қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта анықтау бөлімі екі әйелдің үстінен, полицейдің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оны қорлау және оған шабуыл жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін екі әйел де құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған болатын. Бірі – автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін, екіншісі – қоғамдық орындарда мас күйде болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: