Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті

мопед, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 23:04 Сурет: polisia.kz
Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 мамырда 16:00 шамасында Алматының Медеу ауданында болған.

"Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында басына дулыға кимеген мопед жүргізушісін байқап қалдық. Тоқтау туралы бұйрықты орындамады. Керісінше, жоғары жылдамдықпен жеке сектор арқылы жасырына бастады. Сонымен қатар ол жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірді. Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедист артқа бұрылып, әдейі маған қарай жүрді. Соқтығыспау мүмкін емес еді. Мен құладым. Ал мопедист көлік құралын басқара алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды". Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жәнібек Оразбаев

Құқық бұзушы жеткізуші компаниялардың бірінің 23 жастағы курьері болып шықты. Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерінің заңды талаптары

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: