Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

мопед, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2023 11:06 Сурет: видео скрині
Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 тамыз күні Наурызбай аудандық ПБ-на 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданды.

Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды.

Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: