Қостанай облысында экобелсендіге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Айта кетсек, 2022 жылдың 25 желтоқсанында Рудныйда белгісіз адам экобелсендіге шабуыл жасаған. Әлеуметтік желіде ер адамның бетіне газ спрейі шашылып, көлігінің доңғалағы тесілгені айтылған.
Осы факті бойынша Рудный қаласының полициясы ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның шеңберінде тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде күдікті - Қостанай қаласының тұрғыны ұсталды. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта оның неліктен мұндай әрекетке барғаны, сондай-ақ шабуыл жәбірленушінің кәсіби қызметіне байланысты ма, жоқ па анықталуда.
Полиция департаменті қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, сараптамалар тағайындалғанын, сондай-ақ өзге адамдардың осы қылмысты жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатқанын атап өтті.