Қостанайда әйелге себепсіз шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Фото: pexels
Қостанай қаласында ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелге себепсіз шабуыл жасаған. Ол ұсталып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, ер адам өтіп бара жатып, бейтаныс әйелді кенеттен ұрып жіберген. Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетілді. Жарақаттың ауырлық дәрежесі әзірге нақтыланбаған, оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды "Жетінші арна".
"Қала тұрғынына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция қызметкерлерімен ұсталды. Оның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталды. Ер адам арнайы медициналық мекемеге жатқызылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Қостанай облысы ПД анықтаушысы Әлішер Күшекбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында екі ағайынды атыс шығарып, бір адамды жаралаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript