Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде сауда орталығын тонағандар ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде сауда орталығын тонағандар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz
Polisia.kz мәліметінше, 5 қаңтарда түнгі уақытта Шымкент қаласында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде құқық бұзушылар “Метро” сауда орталығының есік-терезелерін сындырып, заңсыз кірген.
Сауда орталығының ішінен түрлі заттар ұрланған. Аталған оқиға Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түскен. Аталған жайтты Қаратау ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) тіркеді.Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Нұрсат-3 шағынауданында орналасқан жалдамалы пәтерлердің бірінде оқиғаға қатысы бар деген күдікпен төрт адам анықталып, ұсталды. Олар 20 және 21 жастағы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты.
Олардан айғақты зат ретінде “Метро” сауда орталығынан ұрланған тауарлар тәркіленіп алынды.
Аталған азаматтарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript