Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыскерлер қызметтік итті ұрлап кетті

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2022 16:53 Сурет: ҚР Ішкі істері министрлігінің ақпараттық ресурсы
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыскерлер қызметтік итті ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz ақпараттық ресурсының хабарлауынша, Ұлттық ұланның сарбазы Рүстембек Байхарашев бірнеше күннен бері өзін қоярға жер таппай жүр. 5 қаңтарда тәртіпсіздіктерді басу кезінде сарбаз жараланып, адал досы – “Найтс” атты қызметтік итті жоғалтып алды.

Шабуыл жасаушылар басымнан ұрды, сол кезде сәл әлсірегенімді пайдаланып, бауы қолымда тұрған қызметтік итімді алып кетті. Есімді жиған кезде қылмыскерді суреттеп беруге күш таптым. Оны бүгін қамауға алды. Полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Рүстембек Байхарашев

Иесі мен иттің көптен күткен кездесуі полиция бөлімшесінің қабырғасында өтті. Найтс жедел уәкілдердің кабинетінде тыныш отырып, серіктесін күтті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында шаһарға жақын жерде жаппай тәртіпсіздіктің белсенді қатысушы – 33 жастағы А.есімді азамат ұсталды. Төрт аяқты жауынгер бауға ілініп, аумақты күзетіп тұрған. Қазір ұсталған азаматтың қайғылы оқиғалар кезінде орын алған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр

Кинолог-сарбаз Найтспен жұптасып, қызметте жүргеніне бір жылдай болғанын айтты. Оның айтуынша, ит өте ақылды, мейірімді және тәртіпті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: