Қазақстандық полицей зейнетке шыққан қызметтік итті өз панасына алды

Қазақстандық полицей зейнетке шыққан қызметтік итті өз панасына алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 11:47 Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Абай облысы Полиция департаментінің кинологы, полиция старшинасы Олжас Тұрсынханов тоғыз жыл бойы сенімді серігіне айналған Джон есімді қызметтік итті зейнетке шығысымен, өз үйіне алып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 жыл 7 айлық қызметі барысында Джон түрлі сипаттағы 160 қылмыстың ашылуына қатысып, із-түзсіз жоғалған 51 адамды табуға көмектесті. Бұл туралы өңірдегі ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Кинологиялық қызмет мамандары үшін Джон әлдеқашан жай ғана қызметтік ит емес еді. Ол ізді мүлтіксіз табатын, қауіпті сезетін және тапсырманы соңына дейін орындайтын команданың толыққанды мүшесіне айналды",- делінген ақпаратта.

Дәл осы себептен 18 мамырда өткен зейнетке шығарып салу рәсімі өте әсерлі өтті.

Қазақстандық полицей зейнетке шыққан қызметтік итті өз панасына алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 11:47

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қызметі ресми түрде аяқталғаннан кейін Джонның кинологы серігінен айырылмай, оны үйіне алып кетуге шешім қабылдаған.

Полицейдің айтуынша, тоғыз жылға жуық бірге қызмет атқарған досын тастап кетуге оның жүрегі дауаламаған.

Қазақстандық полицей зейнетке шыққан қызметтік итті өз панасына алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 11:47

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қоштасу кезінде қызметтік ит жетекшісінен бір елі ажырамай, оған еркелеп жақындап, құйрығын қуана бұлғаңдатып тұрды.

"Ол қызмет аяқталғанымен, өміріндегі ең маңызды адамның жанында қалатынын сезгендей еді",- деп атап өтті полицейлер.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда ит етін өндіру бизнесі тоқтатылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: