Оңтүстік Кореяда ит етін өндіру бизнесі тоқтатылады

Оңтүстік Кореяда ит етін өндіру бизнесі тоқтатылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 10:27 Сурет: Х/Vitamvivere
Оңтүстік Корея ит етін өндіру саласын толықтай жабуға кірісті. Бұл салаға қатысты толық тыйым 2027 жылдың 7 ақпанынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ит етін өндіруге тыйым салатын заң 2024 жылы қабылданған. Ал 2027 жылдың 7 ақпанынан бастап құжат толық күшіне енеді. Осы күннен бастап елде:

  • ит өсіруге;
  • ит союға;
  • ит етін сатуға;
  • тағам ретінде пайдалануға арналған иттерді таратуға тыйым салынады.

Оңтүстік Кореяның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және ауыл істері министрлігінің мәліметінше, елдегі арнайы ит фермаларының 80 пайыздан астамы қазірдің өзінде жабылған.

1537 шаруашылықтың 1265-і жұмысын тоқтатқан. Қазіргі уақытта 272 ферма ғана қалған. Олар жаз мезгілінде тексерістен өтеді.

"Ферма иелеріне белгіленген мерзімдер, айыппұлдар және бизнесті жабуға байланысты өтемақы төлемдері туралы ескертіледі", – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, үкімет ферма иелеріне өтемақы төлеуді жалғастырып, олардың басқа кәсіп түрлеріне көшуіне көмектесіп жатыр. Осы мақсатта арнайы қолдау бағдарламалары мен кеңес беру қызметтері іске қосылған.

"Бұл шара жануарларды қорғауға бағытталған және елдегі қоғамның ит етін тұтынуға деген көзқарасының өзгергенін көрсетеді", – деп атап өтті министрлік.

Бұған дейін Чехиядағы шіркеуден ортағасырлық әулиенің бас сүйегі ұрланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: