Боранда жоғалып кеткен бала табылды
Қостанай облысының тұрғыны Кирилл Дукарт 3 қаңтар күні 10.00-де атпен мал қарауға шығып, боранда адасып кеткен, деп жазады alau.kz.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар қызметі полициясының қызметкерлері, кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 110 адам, 26 техника тартылған.
Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала түнгі 23.46-да Майкөл селолық округіне қарасты Шеминовка ауылынан табылды.
Баланың айтуынша, ол қарлы боранда адасып, қайтар жолын таба алмай, сағат 23:30-да Шеминовка ауылына жеткен. Бірінші кездескен үйге түсіп, жылынып алуға өтініш білдіріпті. Баланың табылғаны туралы солар хабар берді.