Риддерде жоғалып кеткен оқушы бала өлі күйінде табылды

Полиция, ШҚО, Риддер, жоғалған бала, оқушы, қайғылы оқиға , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2026 22:27 Сурет: pexels
Риддерде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жоғалған оқушының денесі іздеу жұмыстары кезінде 2026 жылдың 6 мамырда таңертең табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Noks.kz басылымының мәліметінше, 5 мамырда кешке әлеуметтік желіде Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады.

Бала Таловка ауданындағы үйінен шығып, сол беті жоғалып кеткені хабарланды. Ал таңертең оқушының өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

Полиция бөлімі баланың қайтыс болғаны туралы фактіні растап, қылмыстық іс қозғалғанын, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бұған дейін Жамбыл облысында кене шағып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған ер адамның көз жұмғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: