Жетісу облысында жоғалып кеткен үш жасар бала өлі күйінде табылды
Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында 7 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған үш жасар баланың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінен із-түзсіз жоғалған баланың денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ. Полиция ата-аналар мен қамқоршыларды ерекше мұқият болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады".Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ өңірлік полиция департаменті ТЖД қызметкерлеріне, Ұлттық ұланға, жергілікті атқарушы органға, жергілікті тұрғындар мен еріктілерге іздеу барысында көрсеткен баға жетпес көмегі үшін алғыс білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript