Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі күйінде табылды

Ақтөбе, бала, зорлық-зомбылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2022 12:47 Сурет: pixabay
Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған 4 жасар бала өлі күйінде табылды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция із-түзсіз жоғалған 2018 жылы туған Данил Ахуновтың зорлықпен өлтіру белгілері бар мәйіті табылғанын мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді. Ақтөбе облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Ғалым Байжанов

 28 желтоқсанда Ақтөбеде 2018 жылы туған Данил Ахунов есімді бала жоғалып кетті.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: