Жоғалып кеткен павлодарлық өлі күйінде табылды

Полиция, Павлодар, жоғалған ер адам, кәсіпкер, өлі күйінде, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 15:35 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда кең көлемде іздеу шараларын ұйымдастыруға негізген болған жоғалған кәсіпкер өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

"Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Павлодар облысында көшеде қаптап кеткен жасақтар көпті таң қалдырғанын жазғанбыз. Кейіннен белгілі болғандай, олар жоғалған адамды іздеуге жұмылдырылған болып шықты. 21 ақпан күні түс ауа 52 жастағы Асұлан Нұрмағамбетов ақ түсті Toyota Camry-50 көлігімен Жеңіс алаңы көшесіндегі үйінен жұмысқа шыққан. Бірақ ер адам сол күйі үйіне оралмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: