Павлодар облысында көшеде қаптап кеткен жасақтар көпті таң қалдырды

Әскери техника, Павлодар облысы, іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 10:36 Сурет: gov.kz
Әлеуметтік желіде қарлы ауа райына қарамастан Павлодар облысында көшеде пайда болған бір топ іздеу жасақтарының видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram қолданушылары бір адамды іздеуге осынша адамның жұмылдырылғанына таң.

Бүгіндері хабар-ошарсыз кеткен адамның кім екенін білу үшін Zakon.kz Павлодар облысының полиция департаментіне жүгінді.

Сөйтіп редакциямыз жоғалған адамның бағыт-бағдары туралы ақпаратқа қол жеткізді. Бұл арада 1972 жылы туылған, кәсіпкер Нұрмағамбетов Асұлан туралы сөз болып отыр екен. 21 ақпанда түс ауа 52 жастағы Асұлан Нұрмағамбетов ақ түсті Toyota Camry-50 көлігімен Жеңіс алаңы көшесіндегі үйінен жұмысқа шыққан. Бірақ ер адам сол күйі үйіне оралмаған.

Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін мемлекетаралық іздеудегі Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталғаны хабарланған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: