Мемлекетаралық іздеудегі Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталды

"Сәдуақасов Тимур мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі тарапынан ұсталды. Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды".Қаржылық мониторинг агенттігі
Қолда бар мәліметке сәйкес, қазір Сәдуақасов тергеу изоляторында.
"Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалуда", деп нақтылайды құзырлы ведомство.
Айта кетсек, Сәдуақасов Т.Х.-ға алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған. 2023 жылы шілде айында Сәдуақасов Т.Х. және "Обуховское" кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат – Курманбаев С.Н. лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдалана отырып, Долгалев В.И-қа кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған.
Алдын-ала келісім бойынша параның бірінші бөлігі ретінде 90 млн теңге алған Сәдуақасов пен Курманбаев бұл қаражатты өздері иемденіп, уәде етілген міндеттемелерін орындамаған.
Қылмыстық іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қайта қарауға жолданды.