Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 00:01 Сурет: Zakon.kz
Талдықорғанда облыстық полицияның жедел уәкілдері мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы шетелдік азаматтың орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстанның тәртіп сақшылары бұл адамды ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеген.

"Іздеуде жүрген адам "Іздестіру" жедел профилактикалық іс-шарасының аясында анықталып, облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ұсталды. Қазір ол қамауда отыр. Оның ұсталғаны туралы ақпарат ҚР ішкі істер министрлігіне жолданды". Жетісу облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімі

"Іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-21 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Алғашқы тәулікте тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Оның ішінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеп жүрген 2 шетелдік азамат бар.

Сонымен қатар облыстың полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның орналасқан жерін анықтай алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: