15 жыл бойы іздеуде жүрген Қырғызстан азаматы Астанада ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 00:03 Сурет: видео скрині
Полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2008 жылдың қазан айында ер адам сенімге кіре отырып, ұялы телефондарды иемденгені анықталды.

2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемді мемлекетаралық іздеуге жариялаған.

Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: