Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқ тиіп, ауруханаға түсті

Руслан Берденов,  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қарулы шабуыл, аурухана, оқ тию , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 22:57 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 21 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бірнеше жерінен оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға қала әкімдігі ғимаратының жанында, сағат 20:30 шамасында болған. Аталған оқиғаға қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігінің маңында қарудан оқ атылды. Салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оған барлық медициналық көмек көрсетілуде. Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында аталған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады".  Шымкент қалалық ПД

Оның жамбасы мен иық аймағынан жарақат алғаны туралы дерек бар. 

Депутат Руслан Берденов 2025 жылдың ақпан айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: