Депутат Руслан Берденов Шымкент әкімдігіне қызметке келді

Руслан Берденов жаңа қызметке келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 15:07 Сурет: Instagram/akimat_shymkent
Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Zakon.kz сайтына 2025 жылдың 24 ақпанында қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Бұл шешім Президент Әкімшілігімен келісілді.
Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін "Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы "Procter & Gamble LLP" компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары "EASTCOMTRANS" ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары "Aq Niet Group" бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.
2025 жылдың 21 ақпанында Азамат Амрин Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды. 2020 жылдың қазан айынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: