Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов үндеу жариялады

Оқ жарақатын алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқиғадан кейін Facebook желісінде алғашқы жазбасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың 12 мамырында шенеунік шымкенттіктер мен бүкіл Қазақстан тұрғындарына үндеу жасады.
"Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Алайда, сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді", – деп жазды Берденов.
Сондай-ақ ол үш апталық ауруханада емделіп шыққаннан кейін оның күнделікті өміріне оралғанын хабарлады. Ол өзін емдеген дәрігерлерге, No1 қалалық клиникалық аурухана ұжымына, қолдау көрсеткен барша жандарға алғысын білдірді.
2025 жылы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қалалық әкімдік ғимаратының жанында қарулы шабуыл жасалып, ол оқтан жараланып, бірнеше рет оқ тиген. Ауруханаға түскен соң шенеунікке шұғыл ота жасалды. 23 сәуірде Шымкент әкімдігі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript