Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент қаласы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 16:22 Сурет: gov.kz
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Айдын Кәрімов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 25 қыркүйек күні Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осылайша, Ғабит Сыздықбековтің орынбасары төртеу болды:

  • Қуаныш Асылов (әкімнің бірінші орынбасары);
  • Мақсұт Исахов (әкімнің орынбасары);
  • Нұрсадық Ергешбек (әкімнің орынбасары);
  • Айдын Кәрімов (әкімнің орынбасары).

Айдын Кәрімов 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, MNU (Maqsut Narikbayev university) университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған.

Түрлі жылдары ҚР ТЖМ "Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау" РМК, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы" РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен.

2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директорының орынбасары, ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-министрінің хаттама шефі, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі, ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 -2023 жылдары Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: