Бақдәулет Сариев Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Бақдәулет Сариев бұған дейін қала әкімінің аппаратын басқарған.
Сариев ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және жастар саясаты салаларын қадағалайтыны атап өтілді.
Еңбек жолын 2015 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алатау, Медеу аудандары бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып бастады;
2015-2017 жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің бас маманы;
2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси мониторинг бөлімінің меңгерушісі.