Біз еліміздің бай-қуатты болғанын қалаймыз. Сондықтан еліміз үшін алдағы сайлаудың маңызы зор. Біз өз Отанымыздың келешегі кемел болуы үшін дауыс бердік. Өз таңдауымызды жасау үшін сайлауға алғашқылардың бірі болып бардық. Замандастарымды да саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын, - дейді Ербол Тлепбаев.
Сурет: Тараз әкімдігі
Сайлауға алғаш келген егіздер өзге замандастарын да саяси науқаннан тыс қалмауға шақырды.
Кандидаттардың ешқайсысы да осал емес. Барлығы да тәжірибесі толысқан, мемлекеттік қызметте ысылған азаматтар. Сондықтан құқығы бар әрбір отандасымыз сайлауға келіп, өз таңдауын жасағандары абзал. Бұл еліміздің ертеңі үшін маңызды.Бүгінде елімізде барлығы 6 485 507 замандасым ғұмыр кешуде деген ақпаратты жуырда естідім. Олардың 4 500-ге жуығы егіздер екенін білгенімде тіпті қуанышым қойныма сыймады. Себебі менің де егіз сыңарым бар. Мұны Алланың ата-анаға берген сыйы деп білемін. Әрине, бұл жерде медицина мамандарыныңда еңбегі ерен. Денсаулық саласының дамуына мол мүмкіндік жасаған мемлекеттің қамқорлығын да жоққа шығаруға болмайды.Тараздық егіз
Сурет: Тараз әкімдігі