"Облыс әкімі қызметін аяқтадым". Архимед Мұхамбетов желіде жазба жариялады

Қостанай облысының бұрынғы әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, өңір тұрғындарына өз ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті қостанайлықтар! Бүгін мен Қостанай облысының әкімі қызметін аяқтадым. Осы жылдарда біз көп нәрсені бастан өткердік. Біз халықтың өтініші мен мәселесін шешуге тырыстық. Біздің өңірдің барлық тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетіп, түсіністікпен қарағаны үшін алғысымды және ерекше ризашылығымды білдіремін. Біздің облыстың ең маңызды ресурсы - адами капитал. Облыс халқына, ардагерлер кеңесіне, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне, мәслихат депутаттарына, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына және әріптестеріме шынайы алғысымды білдіремін! Баршаңызға зор денсаулық пен амандық, сәттілік тілеймін! Қостанай облысы өркендей берсін!".

Архимед Мұхамбетов 2015 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Қостанай облысының әкімі қызметін атқарып келді. 2022 жылдың 1 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның орнына Құмар Ақсақаловты тағайындады.

Қостанай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: