Ролик авторы бұл көпірдің екі жыл бойы күрделі жөндеуден кейін әрең дегенде 2022 жылы шілде айында ашылғанын баса атап өтеді.
Бұл видеоға қатысты Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бірден үн қатып, Алаш тас жолындағы көпір ("Горбатый мост") бұрын апатты деп танылғанын хабарлады. Осыған байланысты жол өтпесінің оң жағы жөнделіп, 2022 жылдың жазында қозғалыс ашылған болатын.
Ведомство мәліметінше, көлденең асфальтбетон жабынының ішінара деформациясы жөндеу жүргізілмеген жол өтпесінің сол жағында орын алды.
"Осыған байланысты жол учаскесі жол белгілерімен белгіленіп, қалпына келтіру шаралары жүргізілуде", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жол-құрылыс жұмыстары маусымының басталуымен жол өтпесінің сол жағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жабылады деп жоспарланды.
"Зақымдану орын алғанын ескере отырып, жол өткелінің сол жағындағы көліктердің қозғалысы жақында жабылатын болады. Соған қарамастан, автокөліктер үшін қозғалыс екі жаққа да қамтамасыз етіледі", - дейді Көлік басқармасындағылар.
Айта кетсек, 2020 жылы қыркүйекте аталған көпірде монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде тірек арқалық құлап кеткен болатын.