Жеңіс Қасымбек елордалық үлескерлермен кездесті

Сурет: Instagram/akimat__astana
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек "Алтын бұлақ" пен "Садовые кварталы" проблемалық тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар екенін атап өтті.

"Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз аталмыш тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады". Жеңіс Қасымбек

Әкім үлескерлермен үнемі кездесіп тұратынын, тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездескенін айтты. Олар – "Алтын бұлақ" және "Садовые кварталы" тұрғын үй кешендері. Жалпы үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы.

"Мәселен "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын. Құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды". Жеңіс Қасымбек

Сондай-ақ қала әкімі "Тұмар" тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездесті.


"Құрылысы ұзаққа созылған "Территория комфорта-1" бойынша сұрақтар қозғалды", - деп жазды елорда әкімі.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы