Ұлыбритания үкіметінің басшысы локдаун кезінде өткізілген кеш үшін кешірім сұрады

Сурет: Instagram/borisjohnsonuk
Борис Джонсон бүкілхалықтық карантин кезінде Даунинг-стриттегі премьер-министр кеңсесінде өткен кеш үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші кезекте, кешірім сұрағым келеді. Қателік жасағаным және осы мәселеге жеңіл қарағаным үшін кешірім сұраймын. Бұл әрекеттер шектеу ережелерін бұзбады немесе кеңсе қызметкерлері қатты еңбектенген еді деген секілді сөздерді айтып жатудың өзі артық. Пандемия барлық адамдар үшін қиын сынақ болды, біз бүкіл ел азаматтарынан жақын адамдарымен кездеспеу, қайтыс болған туыстарына бармау сынды бұрын-соңды естімеген құрбандыққа баруды сұрадық. Сондықтан адамдардың қазіргі ашуын түсінемін. Борис Джонсон

ТАСС хабарлағандай, Ұлыбритания үкіметінің басшысы бұл арада кешірім сұраудың жеткіліксіз екенін мойындап, жанжалдан сабақ алуға және "Даунинг-стрит пен Министрлер кабинеті хатшылығының жұмысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізуге" уәде берді.

Локдаун кезіндегі саясаткердің даулы ісі бойынша тергеу есебі жарияланып, осыған байланысты британдық лейбористер көшбасшысы Кир Стармер Джонсоннан өз еркімен отставкаға кетуін ұсынды.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы