Борис Джонсон Киевте жүр

Сурет: Instagram/borisjohnsonuk
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Киевтегі досым Президент Зеленскиймен Украина халқына деген қолдауымыздың белгісі ретінде кездестім. Біз оның елі үшін күресін жақтауымыздың дәлелі ретінде қаржылық және әскери көмектің жаңа пакетін ұсынамыз, – деп жазды Джонсон Instagram-да.

Украина Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары Андрей Сибига мемлекет басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша Ұлыбритания Украинаға 120 дана бронтехника мен кемеге қарсы жаңа зымыран кешендерін жіберетінін хабарлады. Сонымен қатар, Джонсон Зеленскийге Дүниежүзілік банк желісі бойынша қосымша 500 миллион доллардың көлемінде несие беруді жоспарлап отыр.

Бұл жемісті кездесу болды. Ресейді бейбітшілікке итермелеу үшін одан әрмен қыса түсу керектігіне сенімдіміз. Украинаның қорғаныс қабілетін нығайтып жатқандарыңызға, тиімді әсері бар санкциялық шаралар үшін рахмет. Батыс демократиялық мемлекеттері Ұлыбританияның үлгісімен жүруі керек. Біз Лондон мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады деп үміттенеміз, – деді Зеленский.

Сондай-ақ Ұлыбритания Премьер-министрі Ресей Федерациясына қатысты санкцияларды күшейтуді жалғастыратынын атап өтті.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды