АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония Тынық мұхит альянсын құрды

Сурет: pixabay
АҚШ, сондай-ақ Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия мен Жапония Тынық мұхит аймағында Partners in the Blue Pacific (PBP) альянсы құрылатынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйым Тынық мұхиты аймағының басымдықтарын қолдау және оған кіретін елдердің басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту мәселелерін шешеді, деп хабарлады Ақ үйдің сайты.

"Біз аймақты қолдауда біргеміз. Оны қалай жүзеге асырамыз – Тынық мұхиты өңірлігінің, егемендіктің, транспаренттіліктің, есеп берушіліктің қағидаттарына сәйкес, ең алдымен Тынық мұхиты аралдарының басшылығы бойынша да біз біргеміз", - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Бұл әріптестікке қатысушы елдер көшбасшыларының алдағы саммитінде Тынық мұхит аралдары форумының 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын қабылдау, қолданыстағы жобалардың картасын жасау және болашақ бастамаларды жоспарлау жұмыстары жүргізіледі деп күтіледі.

Жаңа PBP альянсы - бұл "инклюзивті, бейресми және ынтымақтастыққа ашық" серіктестік, оның күш-жігері, ең алдымен, климат дағдарысына қарсы тұруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өңірдегі көлік желілерін, денсаулық сақтау мен білім беру саласын дамытуға бағытталған.

АҚШ
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз