Британдықтар жалақыны көтеруді талап етіп шеруге шыққалы жатыр

Сурет: pixabay
Шеруді Ұлыбританиядағы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өткізеді. Алдын ала мәлімет бойынша, 1 ақпанда 500 мың британдық көшеге шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының жазуынша, шеруге Англия, Уэльс және Шотландияның бірнеше аймағынан мектеп мұғалімдері, университет оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер, мұражай қызметкерлері, автобус жүргізушілері мен пойыз жүргізушілері қатысады.
Англиядағы ереуілге байланысты пойыздардың көбі тоқтатылып, әуежайларда ұзын-сонар кезек туындайды деп болжанды. 4,5 миллионға дейін оқушы сабақтан қалуы мүмкін.
Ал 6 ақпанда медицина қызметкерлері ереуілге шығады. Оған бір уақытта, әдетте, әртүрлі күні ереуілдер өткізген медбикелер мен жедел жәрдем қызметкерлері тартылады.
Басылымның жазуынша, ереуілшілер еңбек жағдайын жақсартуды және соңғы мәліметтер бойынша 10,5%-ға жеткен инфляцияға сәйкес жалақыны көтеруді талап етіп отыр.
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды