Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Түркияда жүріп жатқан құтқару жұмыстарын көрсетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Түркияда біздің құтқарушылар атқарып жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарынан бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода Нурдагы қаласында қазақстандық құтқарушылар арнайы жасалған ойықтың көмегімен адамдарды толығымен қираған ғимараттың астынан шығарып жатқанын көруге болады.

Ведомство өкілдері құтқарушылар барлық жол бойы адамды сүйемелдеп шығарып, толық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқанын атап өтті.

"Үйінділер астындағы қозғалыс кезінде Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары үйінді астынан адамды денесімен қалқалап шығарып жатыр. Қазақстандық құтқарушылар екі тәулікке жуық уақыт бойы адамдардың орналасқан жеріне жол салды".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Осы уақыт ішінде зардап шеккендермен аудио байланыс үзілген жоқ.

Құтқарушылардың бірінші тобы 7 ақпанда Түркияға ұшса, екіншісі келесі күні жөнелтілді. 

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы