Қазақстаннан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан Сирияға азық-түлік, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарынан тұратын гуманитарлық көмек жіберді. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кірді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейспен жіберіледі".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Сирияға көмек ретінде 160 миллион теңгеден астам қаржы бөлетінін мәлімдеді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды