Қазақстан Сирияға көмек ретінде 160 миллион теңгеден астам қаржы бөледі
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 160 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Сирия Араб Республикасының аумағына жалпы салмағы 50 тонна болатын азық-түлік, жылы киім, шатыр мен төсек-орын түріндегі көмек арнайы әуе кемелерімен жеткізіледі".Айбек Смадияров
Алғашқы ұшақ 10 ақпанда Алматыдан Сирияға аттанды. СІМ өкілінің айтуынша, мұндай төрт рейс жөнелтіледі. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының басшылығы гуманитарлық жүкті Қазақстанның Ливандағы елшілігі мен Сириядағы Қазақстан консулдығының көмегімен Алеппо қаласындағы Сириядағы уәкілетті өкілдерге жеке өзі тапсырады.
6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір жойқын сілкінісі тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, құрбандар саны 18 мыңнан асты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript