Түркияның орталық бөлігінде тағы да жойқын жер сілкінісі болды

Түркия, жер сілкінісі, Сирия, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 16:54 Сурет: pixabay
Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкіністері Астана уақытымен 16:24-те тіркелді. Жерасты дүмпулері Анкарада да сезілді.


Бұл жер сілкінісі Дамаск, Латакия және Сирияның басқа да провинцияларында да сезілді.

6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. Салдарынан қаза тапқандар саны 500 адамнан асты: оның ішінде 230-дан астам сириялық және кем дегенде 280 түрік азаматы бар.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Астана уақыты бойынша сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан еліміздің Түркиядағы елшілігіне өтініш түскпегенін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: