Алматыда жер сілкінісі сезілді
Сурет: pixabay
27 қаңтар күні таңертең Алматыдан 190 шақырым жерде магнитудасы 5,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан 190 шақырым жерде болған.
Тербеліс магнитудасы 5,2 балл болса, Алматыда 2-3 баллға дейін сезілді.
"Патрульдік бағыттар бойынша көзбен көрген ештеңе жоқ. 112 және 101 желілеріне тұрғындардан қоңыраулар түскен жоқ. "Казселезащита" ММ мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда деформация, шөгу және жарықтар анықталған жоқ". Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі тұрғындарды үрейленбеуге, сабырлық сақтауға және бірқатар ережелерді сақтауға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript