Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 617-ге жетті

Сурет: ҚР ТЖМ
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 617-ге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы жергілікті телеарналардың бірінде Түркия вице-президенті Фуат Октай мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы басылымы.

Ал Сириядағы қаза тапқандар саны, шетелдік БАҚ-тың соңғы ұсынған дерегіне сүйенсек, 3 574 адамды құрады.

Күн өткен сайын үйінділер астынан адамды тірідей табу мүмкіндігі азая түсуде. Түрік билігі автотұрақтарда, стадиондарда және спорт залдарда уақытша мәйітханалар ұйымдастыруға мәжбүр. 

Айта кетсек, Түркияда жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл күндері Түркияның мемлекеттік тулары бүкіл ел аумағында төменге түсіріледі. 

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады