Түркияда еріктілер 300-ден астам жануарды құтқарды

Сурет: Anadolu Agency
Қатты жер сілкінісінен кейін еріктілер адамдарды ғана емес, барлық жануарды да үйінді астынан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқару операциясына Paw Protectors волонтерлары қатысып жатыр. Олар үйінділерді тексеріп, аман қалған жандарды іздеген. Жануарлардың құқығын қорғаушы еріктілердің есебінде 300-ден астам жануар бар, деп жазады Anadolu агенттігі.

"Мен мұнда өз командаммен біргемін. Біз кез келген адамның өмірін сақтап қалу үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Туыстарымнан бастап жақын достарыма дейін көп адамнан айырылдым. Бірақ біз берілмеуіміз керек, мықты болып қалуымыз керек. Өйткені олардың өмірі (жануарлар) де маңызды", - дейді Paw Protectors Қалалық жануарларды қорғау қауымдастығының мүшесі Ибрагим Гочер.

Қозғалыс еріктілері жануарларды тауып, қажет болған жағдайда оларға алғашқы медицина көмегін көрсетеді, үй жануарларына пана табады. Қазір олар жер сілкінісінен зардап шеккен 10 провинцияның бірі Хатайда жұмыс істеп жатыр.

6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Кейінгі мәліметтер бойынша, Түркия провинцияларында 35 418 адам қайтыс болды. 105 505 адам жарақат алған. Қираған жерлерден тірі жандарды іздеу жалғасып жатыр.

14 ақпанда Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан құтқарушыларының үйінді астынан екі баласы бар әкені құтқарғаны туралы хабарлады. Отбасы 76 сағат бойы өз бетімен шыға алмаған.


Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі