Орталық Азия елдері арасында журналистер көбіне Өзбекстанда ұсталады

Сурет: Zakon.kz
Кейінгі 10 жылда, яғни 2012 жылдан бері Өзбекстан билігі мемлекетке қарсы қылмыс жасады деген айыппен 33 журналисті соттаған. Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) мәліметінше, бұл сан Орталық Азия бойынша бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш болып қала береді.

Кейінгі 10 жылда, яғни 2012 жылдан бері Өзбекстан билігі мемлекетке қарсы қылмыс жасады деген айыппен 33 журналисті соттаған. Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) мәліметінше, бұл сан Орталық Азия бойынша бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш болып қала береді.

Кейінгі атышулы іс осы жылдың қаңтар айының соңында болды. Өзбекстан соты журналист Дәулетмұрат Тәжімұратовты 16 жылға бас бостандығынан айырды. Ол прокуратураның мәліметінше, шілде айында Қарақалпақстан автономиялық республикасында жаппай тәртіпсіздікке себеп болған.

Ал Қазақстан мен Қырғызстанда он жылда 8 журналист түрмеге жабылды. Екі елде журналистерге қатаң үкім түрінде тікелей қысым көрсету мүмкіндігі аз. Мысалы, былтыр екі елде бірде-бір журналист сотталған жоқ. Бұл туралы Finprom.kz жазды.

2022 жылы Қазақстан "Шекарасыз тілшілер" ұйымының жыл сайынғы рейтингінде 180 елдің арасынан 122-орынға ғана ие болды.

Қырғызстанға келсек, 2020 жылға дейін бұл елде жыл сайын бір журналист сотталып келген. Елдің өзі Орталық Азиядағы авторитарлық тенденциядан әлдеқашан бас тартып, демократия болып саналды. Алайда билікке Садыр Жапаров келуімен Қырғызстан еркін ел ретінде бұрынғы беделінен айырыла бастады. 2023 жылы CPJ және тағы алты халықаралық ұйым журналистерге қысым көрсеткені үшін президентке жүгінді.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды