Енді "Болашақ" бағдарламасының үміткерлері шет тілінен емтихан сертификатын ұсынуы керек

Сурет: unsplash
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мәліметінше, кандидаттар өтініш берген кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынып, тіл білетінін растауға тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, ағылшын тілінде магистратураға түсушілер нәтижесі 9.0 - ден кем дегенде 6.0 IELTS, PBT 677- ден 498, IBT 120- дан 60 TOEFL сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер - IELTS 5.0, PBT-417, IBT-35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуға тиіс.

"Биыл "Болашақ" бағдарламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Бұл шара кандидаттардың құрамын сапалық жағынан арттыру үшін қабылданды. Бағдарлама үміткерлері шет тілін меңгерудің жоғары деңгейін растауы қажет", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Айта кетері, 2020 жылдан бастап "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдігі бар кандидаттарды қоспағанда, жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана қатыса алады. Сонымен қатар В1 және одан жоғары деңгейі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы ҚАЗТЕСТ сертификатын ұсыну талабы да қойылады.

2023 жылы "Болашақ" бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура/резидентура, 50 – докторантура бағдарламаларына үлестірілген. Сонымен бірге тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Қазақстан
Болашақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қайрат Нұртас Қырғызстанда шоу жасап, желіні жарды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент көші-қон саясатын жетілдіру туралы жарлыққа қол қойды