БҰҰ: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан 850 мың бала баспанасыз қалды

Сурет: Anadolu Agency
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болғалы бір ай өтсе де, мыңдаған бала әлі күнге дейін баспанасыз қалып отыр және көмекке зәру, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЮНИСЕФ балалар қорының мәліметінше, екі елде мыңдаған бала уақытша баспаналарда тұруға мәжбүр. Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған күшті жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз. ЮНИСЕФ сарапшылары мыңдаған бала қиын жағдайда қалып отырғанын және олардың көмекке, соның ішінде психологиялық көмекке зәру екенін атап өтті.

"Жер сілкінісі салдарынан үйін тастап кетуге мәжбүр болған отбасылар төрт апта бойы аман қалуға тырысып келді. Олар дүмпу жалғасып жатқандықтан, зәресі ұшып отырды деуге болады". ЮНИСЕФ Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Афшан Хан

Ұйымның мәліметінше, Түркияда 2,5 миллион бала шұғыл гуманитарлық көмекке зәру. Ал Сирияда 500 мың адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды.

БҰҰ есебіне сәйкес, Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.

6 ақпан күні таңертең екі елде магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі ондаған үйді қиратты. 

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласының әкімі қамауға алынды, басқа провинциялардағы қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар тағы 997 адам ұсталды.

Түркия
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді