Ханзада Гарриге корольдың таққа отыру рәсіміне әскери киім киіп келуіне тыйым салынды

Сурет: Instagram/sussexroyal
10 жыл әскери қызметте болған ханзада Гарриге Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздың таққа отыру рәсімінде әскери киім киюіне тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Telegraph мәліметінше, бұған оның қазіргі корольдің отбасы мүшесі болып табылмайтындығы себеп көрінеді.

Ханзада Гарридың осы күнге дейін салтанатты рәсімге орай нақты тілектерін алдын ала білдірмегені де атап өтіледі. ІІІ Чарльз бен ханзада Уильямның өзіне келетін болсақ, олар салтанатты рәсім кезінде әскери киімде болады деп күтіледі. 

ІІІ Чарльздың таққа отыру рәсімі 6 мамырда Лондонда өтеді.

Бұған дейін ханзада Гарри ІІІ Чарльздың таққа отыру салтанатына Меган Марклды ертпей келетіні хабарланған болатын.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды