ІІ Елизавета патшайымның туыстары ІІІ Чарльздың таққа отыру рәсіміне шақырылмады

Сурет: pixabay
ІІ Елизавета патшайымның туыстарына Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздың таққа отыру рәсіміне шақырту жіберілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail-дың хабарлауынша, таққа отыру рәсіміне шақырылмағандардың арасында патшайымның немере ағасы ханзада әрі Кентский герцогы Эдвардтың немересі Амелия Виндзор ханым, оның көкесі лорд Николас Виндзор, сондай-ақ ІІ Елизавета патшайымның туысқан сіңлісі Александра ханшайымның немересі Зенушка Моватт та бар.

ІІІ Чарльздың таққа отыру рәсімі 6 мамырда Лондонда өтеді. Ханзада Гарри аталған салтанатты шараға жұбайы Меган Марклды ертпейтін болды. 

Бұған дейін Ханзада Гарриге ІІІ Чарльздың таққа отыру рәсіміне әскери киіммен келуіне рұқсат етілмегені хабарланған болатын.

Ұлыбританияның ІІ Елизавета патшайымы 96 жасында 2022 жылы 8 қыркүйекте дүние салған болатын.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда