Түркияның Измир қаласында кофеханада атыс болып, бес адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Измирдегі кофеханалардың бірінде болған қарулы қақтығыс салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті Hürriyet басылымының жазуынша,өзара жанжалдасып жүрген екі топ  мүшелері қарыз жөніндегі келіспеушіліктерді талқылау үшін бас қосқан. Әңгіме соңы атысқа ұласқан. 

Барлығы жеті адам оқ жарақатын алып, олардың бесеуі дәрігерлер келгенше қайтыс болып кеткен. Аман қалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы