Ресейдің Магадан облысында қар жауды

Сурет: pixabay
Магадан облысының орталық бөлігінде 37 градус ыстықтан кейін қар жауды. Қар дүйсенбі, 10 шілде күні жауды, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 шілде күні таңертең Магадан облысында қар жауды. Бірер күн бұрын синоптиктер мен құтқарушылар облыс тұрғындарына нөсер жаңбыр жауып, жолдарды су шайып кетуі мүмкін екенін ескерткен еді, деп жазды РИА Новости.

Ресейдің Магадан облысы бойынша гидрометеорологиялық орталығының хабарлауынша, жазда бұл аймақта жыл сайын қар жауады деуге болады.

"Шынымен Магадан облысының орталық аудандарында жыл сайын дерлік жазда, соның ішінде шілдеде қар жауады. Биыл аймақта 37 градустан жоғары аптап ыстық болды. Қазір ауа температурасы нөлдік мәндерге дейін төмендеді", – дейді синоптиктер.

Павлодарда 2023 жылы 7 шілдеде жауған нөсер жаңбыр төтеншеліктерді әуреге салды. Қаладағы жолдың жүру бөлігін, көпқабатты тұрғын үйлердің көшелері мен аулаларын су басты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз