Павлодарда жауған нөсер жаңбыр төтеншеліктерді әуреге салды
Сурет: ҚР ТЖМ
2023 жылы 7 шілдеде қатты жауын-шашынның салдарынан Павлодар қаласында ашық аумақты: жолдың жүретін бөлігін, көпқабатты тұрғын үйлердің көшелері мен аулаларын су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі таңда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жаңбыр суын сору жұмыстарын жүзеге асырып жатыр.
Сонымен қатар жарықтың сөнуі жағдайлары тіркелді.
"Коммуналдық қызметтердің авариялық бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде".Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Айта кетсек, Алматы облысында нөсер жаңбыр суы жолды бұзып кеткен. Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД, Қазселденқорғау ММ күштері мен құралдары болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript