Жамбыл облысында жауған нөсер жаңбыр төтеншеліктерді түні бойы әуреге салды
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
7 шілдеде Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан таудан аққан лай су 20-дан астам үй мен 200 ауланы басып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"7 шілдеде сағат 17: 20-да Сарысу ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан көлбеу ағын пайда болды. Жаңатас қаласының 13 көшесінде барлығы 47 үй, бір әлеуметтік нысан және 400 аула аумағын су алған. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар Жанатас-Саудакент тас жолы жабылды. Су айдау және жол төсемінің топырағын арнайы техникамен көтеру жұмыстары жүргізілуде". Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар және полиция департаменттерден 231 адам, 53 бірлік техника жұмылдырылды, 24 мотопомпалар мен дрон пайдаланылуда.
"Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мал шығыны жоқ. Зардап шеккен халықты қабылдау үшін М. Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды", делінген хабарламада.
Әкімдіктің хабарлауынша, қолайсыз ауа райы және қатты желге байланысты бірнеше ауылдық округта электр жарығы ажыратылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript