Мадагаскардағы нөсер жауын мен су тасқынынан жиырма шақты адам қаза тапты

Мадагаскардағы нөсер жауын мен су тасқынынан 20-дан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы 2424.mg порталы төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасына сілтеме жасай отырып, су тасқынынан шамамен 20 мың жергілікті тұрғын зардап шеккенін жазды.
БАҚ-тың өткен аптадағы ақпаратына сүйенсек, қарғын судан ол кезде 3 адам қаза тауып, 11 мың тұрғын көмекке мұқтаж болған.
"Дүйсенбідегі соңғы есеп бойынша, қаза тапқандар саны 22-ге дейін өсті...бүгінге дейін табиғи апаттан 19 764 тұрғын зардап шекті",- деп жазды портал.
Қазір қауіпсіз аймаққа көшірілгендердің жалпы саны 7,3 мыңға жетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript