Үндістанда нөсер жауыннан 40-тан астам адам қаза тапты

Үндістан, нөсер, су тасқыны, ғибадатхана, турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 12:17 Сурет: freepik
Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында нөсер жауын мен көшкін салдарынан 41 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кем дегенде тоғыз адам туристік аймақта, штат астанасы Шимладағы ғибадатхананы құлатқан су тасқыны салдарынан қаза тапқан.

Ғибадатханадан бес адам құтқарылды, бірақ құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр, ішінде 20-25 адам қалып отыр.

"Қайтыс болғандардың мәйіті табылды, ал жергілікті әкімшілік қирандыларды тазалауда қызу жұмыс жасап жатыр", – деп жазды штаттың бас министрі Сухвиндер Сингх Суху.

Үндістан билігі адамдарды үйден жырақ кетпеуге, өзендер мен көшкін қаупі бар аймақтардан аулақ болуға шақыруда.

Химачал-Прадеш осы жаңбырлы маусымда ең қатты зардап шеккен штаттардың бірі болды. Шілде айында штатта 30-дан астам адам су тасқыны мен көшкіннің салдарынан қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: